IDC CIO Summit 2016

Алматы қаласында жыл сайынғы IDC CIO Summit 2016 ашылуы болды.

IDC CIO Summit ашылуы IDC Орталық Азия және Әзірбайжандағы өңірлік өкілі Андрей Беклемишевтің және «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма Басшысы Әсел Жиенбаеваның құттықтау сөзімен басталды.

«Зерде» холдингінің басшысы өз сөзінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының маңыздылығы туралы, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халық өмірінің жақсаруында, Қазақстан экономикасы өсімінің себептесуіне және елдің технологиялық дамыған зияткерлік ұлтқа айналуында негізгі рөлді атқаратынын атап өтті.