«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА Инновациялық компаниялар қауымдастығының бастамасы бойынша кездесу өтті. «Дөңгелек үстел» пішімінде Әсел Жиенбаева «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу және оның мақсаттары туралы айтты. Кездесу қатысушылары – "DS Multimedia" ЖШС, "TECATA" зауыты, "KT CloudLab" ЖШС, "EltexAlatau" ЖШС қарастырылатын және Мемлекеттік бағдарлама жобасына енгізілетін өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.