2016 жылғы 27 қыркүйекте Астанада PROFIT GovernmentDay 2016 жыл сайынғы конференциясының бірінші күні өтті. Бұл жылдың негізгі тақырыбы: Мемлекеттік сектордағы ақпараттық технологиялар. Бизнеспен диалог». Конференция пікіралмасу үшін мемлекеттік сектордың ІТ-директорларын, басшыларын және бизнес құрылым өкілдерін жинады. Талқыланатын мәселелер шеңбері төрт секцияға бөлінді: «Ақпараттандырудың сервистік моделі», «Цифрлық Қазақстан. Инновацияларға жол», «Ашық үкімет», «АКТ-инфрақұрылым және бизнес».