2011 жылға 20-қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қазақстандықтар 28-маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін ресми түрде тойлайды.

«Зерде» ҰИХ» АҚ Басқармасының Төрағасы Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев Холдинг ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады және Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын Холдинг қызметкерлеріне салтанатты түрде табыстады.

Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлдеуіне қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:
• Гүлжан Жаналықызы Бектұрғанова, Активтерді басқару департаментінің директоры;
• Александр Валерьевич Герасимов, Сәулет департаментінің жетекші архитекторы.

Байланыс және ақпаратты дамытуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін Алғыс хатқа ие болды:
• Ержан Жаксыбекұлы Жақыпов, МО АК қызметтерін іске асыру департаментінің бас талдаушысы;
• Әсия Әркенқызы Қайыржанова, Сәулет департаментінің сарапшысы.