Бүгін "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ алдағы 10 жылға арналған жаңа стратегиясының таныстырылымы болып өтті.

Жаңа бастама Холдингтің ағымдағы жағдайын талдауды, компания жұмысының тиімділігін, қызметінің стратегиялық бағыттарының көрсеткіштерін және олардан күтілетін нәтижелерді қамтиды.

Стратегияның таныстырылымы "Зерде" холдингінің еншілес компаниялары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Astana Hub" IT стартаптар халықаралық технопаркі КҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ және Astana IT University ұйымдарының басқарушы құрамы үшін диалог алаңына айналды.

Іс-шараға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қатысты. "Зерде" командасы маңызды стратегиялық құжатты әзірлеуге барынша күш салды. Алдарыңыздағы құжатпен танысқаннан кейін сіздер Холдинг алдына үлкен міндеттерді қойды деп ойлайсыз, себебі цифрландыруды дамытуға көптеген кедергілер бар. Жаңа стратегияда, әрқашан үлкен жетістіктерге ұмтылу қажет, деді А.Оспанов.

"Зерде" холдингінің Басқарма Төрағасы Арман Абдрасилов өзінің сөзінде холдингтің жаңа миссиясы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Біз «Зердені» АКТ саласының дамыту рөлінде көреміз. Ол үшін біз алға жүруіміз керек және елімізбен өңірдегі АКТ - ның барлық саласын дамытудың көшбасшысы болуымыз қажет, - деді холдинг басшысы.

Арман Абдрасилов Даму стратегиясының 5 негізгі бағытын атап өтті, олар – деректерді басқару тиімділігін арттыру, технологиялық экожүйелерді ілгерілету, стартап экожүйесін дамыту, Холдинг активтерінің құнын арттыру, АКТ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау.
"Таяудағы 10 жыл ішінде біз әлемдегі электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша үздік 10 елдің қатарына кіруге және мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректерді пайдалану үлесін 2030 жылға қарай олардың жалпы көлемінің 80%-ына дейін жеткізуге тиіспіз. Бүгінде бұл көрсеткіш 5%", - деп Басқарма Төрағасы жоспарларымен бөлісті.

Холдингтің негізгі сын - тегеуріндерінің бірі-азаматтар мен мемлекеттің электрондық өзара іс-қимыл тұжырымдамасынан (E-GOV) цифрлық Үкімет тұжырымдамасына (AI-GOV) көшу, технологиялық платформалар бағдарламасын іске асыру арқылы 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құру.

Бұдан басқа, Холдинг кемінде 10 технологиялық экожүйені іске қосуға көмектесетін инноваторлар үшін грант түрінде 1,5 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Тұсаукесер аясында «World Cafe»  бейресми кездесу форматында 5 негізгі тақырып – "дұрыс стратегия – табысқа жету жолы", "тәуекелдер мен мүмкіндіктер", "Миссия мен пайымдау", "инновациялық экожүйелерді құру және дамыту", "AI-GOV енгізу және көшбасшылыққа ұмтылу" талқыланды. Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.

Шараның бейне жазбасын холдингтің ресми YouTube арнасынан сілтеме бойынша көруге болады