23-маусымда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев «Зерде» холдингі басшыларына арналған кеңес өткізді және ұжымға басқарманың жаңа төрағасы Руслан Сәтбекұлы Еңсебаевты таныстырды.

Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Р.С. Еңсебаев «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқармасы төрағасының лауазымына тағайындалды.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысында туған.

2005 жылы «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Басқару институтын, 2013 жылы «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

2001-2016 жылдары «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ қызмет атқарды.

2016 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-да трансформация және кадр саясаты жөніндегі бас директордың қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталған.