Бүгін, 7 маусымда «Зерде» Холдингі» АҚ және «ҰАТ» АҚ-ға Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Тайланд, Молдавия, Ұлыбритания, АҚШ, Бутан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Македония Республикасы, Өзбекстан, Турция, Камбоджия, Сомали және Монтенегродан делегациялар келді. Қазақстандағы Орталық цифрландыру кеңсесіне келу «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастығы арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы инновацияға арналған серіктестік қатынастарды тиімді құру» семинарға делегаттардың қатысуы шеңберінде өтті.

Шетелдік қонақтарды «Зерде» Холдингі» АҚ-ның Экономика салаларын цифрландыру департаментінің директоры Мусан Асқар қарсы алды.
Кездесу кеңсенің жобалық менеджері Шәкірім Серіктің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен  қонақтарды  қысқаша таныстыруынан басталды. Ол Бағдарламаның мақсаты, оның 5 бағыты және 17 бастамасы, сондай-ақ Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелерді атап өтті.

«ҰАТ» АҚ қызметтерді және сервистерді қолдау бөлімінің басшысы Манасов Арман  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің электрондық порталының жұмысы туралы айтты. Бүгінгі күні портал 7 млн пайдаланушы үшін 235 қызмет пен сервис ұсынып отыр. 4 мемлекеттік қызметті TelegramBot@EgovKZbot арқылы алуға болады, ол үшін мобильдік телефон мен Порталда жеке кабинеті болуы жеткілікті.
«ОpenGov» порталының онлайн-көрсетілімімен «ҰАТ» АҚ Ашық Үкімет департаментінің жетекші маманы Батаева Газиза сөз сөйледі. Ашық Үкімет ашық деректер, ашық НҚА, ашық сұхбат, ашық бюджет, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау сияқты компоненттерден тұрады. Г. Батаева МО басшыларының блог-платформасында өтініш жасауды онлайн режимде көрсетті.

Шетелдік қонақтардың келуі 1414 Бірыңғай байланыс орталығына экскурсиямен аяқталды. ББО директоры Улманова Анар 120-дан астам оператор жұмыс істейтін, eGov пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған операциялық залды көрсетті. Операторлар аптасына 7 күн 24 сағат бойына бүкіл Қазақстаннан күн сайын 18 мың өтініш қабылдайды. Экскурсия бірыңғай платформаны, сөз талдауды және «Кеңес» автоматтандырылған дыбыс мәзірін көрсетумен аяқталды.