"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі мен Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы цифрландыру саласындағы МЖӘ тетігін дамыту бойынша жұмыс істейтін болады.

Тиісті екіжақты меморандумға МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу мәселелері бойынша ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ экономикалық конъюнктура факторларын, дамудың жалпы әлемдік үрдісі мен нарық субъектілерінің ұсыныстарын ескере отырып, заңнаманы жетілдіру мақсатында АКТ және МЖӘ саласындағы жетекші даму институттары арасында қол қойылды.

Құжат шеңберінде өңірлерді цифрландыру бойынша
мемлекеттік – жекешелік әріптестікті, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанда МЖӘ жобаларының құжаттамасын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.

Холдинг өз кезегінде халыққа қосымша мүмкіндіктер беретін, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын цифрлық технологияларды қолдана отырып, АКТ саласындағы жобалар желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізетін болады.