«Зерде» холдингі Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру үшін конкурстық іріктеуді хабарлайды

 

Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысқысы келетін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар мына электрондық адреске: Aitkul.Bagdauletova@zerde.gov.kz мына құжаттарды жіберу қажет:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобы мүшесіне ұсыну (бар болса) туралы жазбаша ұсынысы;

3) кандидатураның кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

5) сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.

 

Конкурсты өткізу мерзімі: хабарландыру орналасқан күннен бастап 10 жұмыс күн.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап 5 күнтізбелік күн.

3 адамнан тұратын жұмыс тобының құрамы: «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, азаматтық қоғамнан 2 өкіл.

Конкурстық іріктеуге байқаушылар қатыса алады, 2-қосымшаға сәйкес байқаушыларға арналған өтініш.

Электрондық поштаға жіберу кезінде хат тақырыбына «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшесі» немесе «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы» деп көрсету қажет.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобын құру жөніндегі азаматтық қоғам өкілдерінің барлық жұмыстары өтеусіз негізде жүргізіледі.

 

Заңды мекенжай: «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимараты, (байланыс телефондары: 95-46-47, 87019893940),


Өтініш үлгісін жүктеу