Электронды үкіметті және цифрландыруды дамытудағы заманауи тенденциялар 26-27 тамыз күндері Бішкек қаласында Альянстың өкілдері семинарында талқыланды. Бұл Альянс электрондық үкіметті құруда тәжірибе алмасудың бірегей алаңы болып табылады.
Альянсқа қатысушылар арасында - Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Эстониядан келген сарапшылар бар.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді сандық форматқа өзгерту және электрондық қызмет көрсету форматын пайдаланатын азаматтар санын арттыру бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге арналған сандық құзыреттілікті және оқыту әдістемесін әзірлеу бойынша топтық жұмыс жүргізілді.
Өз кезегінде "Зерде "холдингі" АҚ сарапшылары "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және озық цифрлық технологияларды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Іс-шараны Мемлекеттік қызметтің Астаналық хабы (Astana Civil Service Hub) Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кадр қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.

Осы тәжірибешілдер Альянсын 2018 жылы, Тиімді институттар платформасының (EIP) әдістемесі негізінде "теңімен тең" қағидаты бойынша Астана хабы құрды.