24 сәуірде «Транстелеком» АҚ «Цифрлық Қазақстан» дәуіріндегі жаңа есім» пресс-конференциясын өткізді. Іс-шараға «Зерде» Холдингі, «Транстелеком» АҚ және БАҚ өкілдері қатысты.

«Транстелеком» АҚ компанияны Қазақстанның ІТ-нарығындағы ірі қатысушылар тобына қосу мақсатында ауқымды реформация өткізді.

«Транстелеком» АҚ даму және құқықтық мәселелері жөніндегі Вице-президенті Елнар Адайбеков компанияның ребрендингі, ресурстары және компанияның мүмкіндіктері туралы айтты, сондай-ақ ағымдағы жылдың жоспарларымен бөлісті.

Одан әрі «Зерде» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және оның негізгі бағыттары туралы айтып өтті. Ол «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» және «Инновациялық экожүйені құру» бағыттары шеңберіндегі жобалар жайында нақты баяндап берді. А.Анисимов АТ-компанияларды, ірі технологиялық корпорациялар және стартаптарды тартатын инновациялық қызметке арналған технологиялық алаң ретінде ашылатын «АstanaHub» технопаркінің маңыздылығын атап өтті.

«Елімізде жеткілікті дамыған және сенімді инфрақұрылымның болуы Қазақстанның цифрлық экожүйесін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Елімізде қажетті ресурстар мен мүмкіндіктерге ие компаниялардың болуы бізді қуантады», – деді «Зерде» Холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов.

Пресс-конференция барысында «Транстелеком» АҚ мен «Зерде» Холдингі» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Зерде» Холдингі» АҚ ынтымақтастық аясында «Транстелеком» АҚ-ны корпоративтік әріптес болуға және «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркін табысты дамыту мақсатында әр түрлі бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ «Транстелеком» АҚ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында «KIPOD», «SOC» және «Bilimal» сияқты жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Бұл компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік және тағы басқа цифрлық технологиялар қолданатын инновациялық жобалары. Компанияның жобалар бойынша атқарушы директоры Ғазиз Дөненбай олар туралы нақты айтып берді.

Елнар Адайбеков компанияның алдағы іс-шаралар жоспарымен бөлісті. «Транстелеком» АҚ киберспорт бойынша турнир өткізіп, ІТ-саласының студенттерін оқытуға белсенді қатысады және Қазақстанның ауылдық елді мекендерін ТОБЖ технологиясы бойынша КЖҚ-мен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады.