"Зерде" холдингі Астана Мемлекеттік қызмет хабымен және БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, цифрлық вице-министрлер мен департамент директорлары үшін мемлекеттік органдарды цифрлық трансформациялау бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырды.

Бағдарламаны Эстонияның электрондық басқару Академиясы (eGA) әзірледі.

Оқыту барысында халықаралық сарапшылар цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтермен, Эстония, Ұлыбритания, Дания және Сингапурдың озық практикалары мен бизнес-модельдерімен бөлісу орын алады, сондай-ақ қатысушылармен мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтің тиімді әдістері талқыланады және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың жаңа мүмкіндіктері белгіленеді.

Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрі Таави Аас өзінің құттықтау сөзінде «Пандемия көптеген елдерге шектеулер мен кедергілерді жеңуге көмектесетін және Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін құралдардың бірі заманауи технологиялар мен электрондық үкімет екенін көрсетті", - деп атап өтті. Ол сондай-ақ дербес деректерді қорғаудың барлық қағидаттарын сақтай отырып, әртүрлі мемлекеттік органдар арасында деректермен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин бүгінгі таңда технологияларды енгізу құрылымдық реформаларды іске асыру үшін неғұрлым тиімді және пәрменді құрал болып табылатынын атап өтті. Цифрлық трансформация ұғымы технологияларды қолдану шеңберінен шығады, өйткені мемлекеттік аппарат пен жеке сектор өзгеріп отырады, сәйкесінше технологияларды ескере отырып, қызметке жаңа тәсілдер әзірленуде.

Эстон электрондық басқару академиясының басқарма төрағасы Ханнес Асток Астана хабы аясында Қазақстан мен Эстонияның өңірдегі электрондық үкіметті дамыту және цифрландыру жөніндегі тәжірибесі кең таралғанын атап өтті.

Тренинг кезінде қатысушылар мемлекеттік органдардың бірыңғай
ат-архитектурасын әзірлеу, цифрлық Үкіметтің құқықтық базасын оңтайландыру, киберқауіпсіздік проблемалары, саясатты жоспарлау, жобаларды басқарудың икемді әдістерін пайдалану және электрондық демократия мәнмәтінінде шешімдер қабылдау мәселелерін зерделейді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және «DigitEL» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын талқылауға ерекше назар аударылатын болады. Тренинг бағдарламасы 8 онлайн сессиядан және бірқатар бейне курстардан тұрады.

Оқытуды Астана Мемлекеттік қызмет хабы БҰҰДБ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, Эстонияның электрондық басқару академиясымен бірлесіп, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.