Ұлттық деңгейде телекоммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық стандарттарды үйлестіру бойынша жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге жеке тұлғаларды іріктеу жүргізілуде.

Жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
- жеке тұлғаның жоғары білімі (экономикалық, техникалық немесе заң), оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында біліктілігі болуы қажет;
- техникалық реттеу саласындағы және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес;
- алдыңғы жұмыстардың жұмысберушілерінен ұсынымдар;
- заңды күші бар сертификаттардың болуы;
- ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен, акционерлік қоғамдармен, мемлекеттік ұйымдар және мекемелермен жұмыс тәжірибесінің болуы (сәтті жүзеге асырылған жобалардың болуы).

Мүдделі болған жағдайда, (7172) 76-99-13 телефон номері арқылы хабарласуыңызды және барлық қажетті материалдарды dsmagulova@zerde.gov.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.