Жамбыл облысының тұрғындарын цифрлық дағдылар бойынша 897  тренер оқытады.  Осы мақсатпен бүгін Таразда 24 тъюторға арналған дайындық семинары өтті.

Қазақстан өңірлерінде  «Зерде» Холдингі» АҚ, «Қазпочта»АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ, және «ҰАТ»АҚ қызметкерлері тұрғындарды базалық және кәсіби цифрлық дағдыларды  оқыту бойынша дайындық жұмыстарын өткізуде.

Еліміздегі цифрық сауаттылық деңгейін  78,5% нысаналы индикатор қол жеткізу үшін,  500 мың адамды мобильдік дағдылар, Интернетпен жұмыс істеу, қауіпсіздік, деректерді қорғау және басқалар жататын базалық құзіреттіліке оқыту қажет.

Жамбыл облысында цифрлық сауаттылықтың деңгейін көтеру үшін 182 мың тұрғынды қамту қажет.

Атқарылатын жұмыс тек цифрлық сауатылық деңгейді арттыру ғана емес,  кәсіби маман ретінде, халықты  қағазбастылықтан бас тартып электрондық құжат айналымға толық көшуге ынталандыруға мүмкіндік береді.