Мемлекетіміз ұмтылатын цифрлық экономика технологиялар, цифрлық инфрақұрылым мен қызметтер, сондай-ақ деректерді талдау мен болжау технологияларын қолдануда қалыптасатын қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Цифрлық экономикаға өту үдемелі болып, азаматтар енгізілетін технологияларды қолдана білуі үшін халықтың цифрлық дағдылары болуы қажет. «Зерде» холдингінің Цифрлық дағдыларды дамыту департаменті базалық және кәсіби цифрлық дағдылар нені білдіретінін түсіну үшін цифрлық экономикада талап етілетін, қажетті дағдылардың сипатымен құзыреттер шеңберін құрастырды.

Құзыреттер шеңбері келесі негізгі дағдылардан тұрады:
Компьютерлік дағдылар – дербес компьютер мен сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану дағдылары;
Мобильдік дағдылар – смартфондарды, планшеттерді қолдану дағдылары;
Ақпараттық дағдылар – ақпаратты іздеу, басқару, сақтау және алу, сондай-ақ ақпаратты тиімді қолдану, оның ішінде ақпарат беру үшін қажетті дағдылар;
Транзакциялық дағдылар – шынайы уақыт режимінде қаржылық операциялар жүргізу дағдылары (интернет-банкинг), оның ішінде қызметтер мен тауарларды сатып алу, төлеу, алу және сату дағдылары, сондай-ақ «электрондық және ашық үкімет» сервистерін қолдана білу;
Қосымша кәсіби дағдылар – күнделікті және кәсіби қызметте бағдарламалық-аппараттық шешімдер қолдану дағдылары.