4 сәуірде  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  аясында ҚР Қаржы министрлігінің жобалары бойынша цифрландыру күні өтті.                     Іс-шарада Қаржы министрлігі және «Зерде» Холдингі» АҚ-ның өкілдерінен басқа, 25 ұйым, оның ішінде  «ИТП»ДКҚ, «Электрондық коммерция орталығы» АҚ және Қазақстандық АТ-компаниялары қатысты. 

Бірінші болып «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ-ның техникалық директоры Руслан Габитов «blockchain технологиясын қолданумен ҚҚС-ті әкімшілендіру» жобасының тұсаукесерін жасады. Жоба ҚҚС-ті әкімшілендірудің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында әзірленген. «Blockchain» технологиясын қолдану салықтық органдарға барлық салық төлеушілер бойынша қаржылық транзакция тізбегін лезде қадағалауға және оларға ҚҚС-ті кепілді қайтару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және алаяқтықты жоюды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Министрлікте «ИТП»ДКҚ, IBM и PwC-мен бірге, жоба әдістемесін талдамалы зерттеу бойынша жұмыс бастады, Жол картасы әзірленді және blockchain технологиясын қолдана отырып ҚҚС-ті бақылау есебін енгізу механизімі бойынша екінші деңгейдегі банктермен мемлекеттік кірістер бойынша органдармен өзара әрекеттесі бойынша жұмыс тобы құрылды.

Келесі «Виртуалды қойма» жобасының презентациясын «Open Systems Development» ЖШС-тың атқарушы директоры Садыков Ануар жасады. «Виртуалды қойма»- тауардың импортынан/өндірілуінен бастап бөлшектеп сатуға немесе экспортқа дейінгі орын ауыстыруын автоматты режимде қадағалауға, салық төлеушілердің қоймаларында нақты тұрған тауардың қалдықтарын анықтауға, сол арқылы тауарсыз мәмілелерді жасасу тәуекелін азайтуға мүмкіндік беретін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің қызметі.

Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Аргын Кипшаков әр түрлі дереккөздердің мәлімет қорларын ықпалдастыру арқылы салық жинаудың артқаны туралы айтып берді. Пилоттық жобаның және жүргізілген талдаудың қорытындыларына сәйкес салық түсімдерінің сомасы 63,5 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 9,7 млрд. теңгеге артқан.

Одан соң, заңнаманың өзгеруіне байланысты электрондық мемлекеттік сатып алулар порталын дамыту, бюджеттік жоспарлау жүйесін дамыту, «Мемлекеттік мекемелердегі орталықтандырылған бухгалтерлік есеп», сондай-ақ өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу аясында Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін жаңғырту сияқты Қаржы министрлігінің рәсімдерін цифрландыру мәселелері талқыланды.
Жобалармен таныстыру барысында қатысушылар пікірлерімен алмасты, оларды жүзеге асыру тетіктерін талқылады, АТ-компаниялар ынтымақтастық ұсынды. Мысалы, «Helios Soft» ЖШС «Мемлекеттік мекемелердегі орталықтандырылған бухгалтерлік есеп», ал «Documentolog» ЖШС орындалған жұмыстар актілерін, жүкқұжаттарын және өзге бухгалтерлік немесе қаржылық құжаттарды жүзеге асыру жобасына қатысуға дайындығын білдірді.

Іс-шара қорытындылары бойынша нақты есеп және қосымша ақпарат https://digitalization.astanahub.kz/projects/16 сайтында ұсынылған.