30 мамырда «Қазпочта» АҚ-да, ҚР Ішкі істер министрлігінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Цифрландыру күні өтті.

Іс-шараны мемлекеттік органдардың, «ҰАТ» АҚ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, және АТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Зерде» Холдингі» АҚ ұйымдастырды.

«Қазпочта» АҚ өзінің Цифрлық кеңсесінде іс-шараларға арналған алаңды көрсетті. Онда Басқарма төрағасы Сарсенов Сәкен кеңселерді цифрландыру және компаниядағы толық автоматтандыру жұмыстары туралы айтты. Іс-шара барысында спикерлер почтаны дрондармен жеткізу, сұрыптау орталықтарын, сервистік моделді роботтандыру, е- commerce нарығының дамуы және басқа да жаңалықтар туралы баяндады. Мәселен, почта дрондары бір бағытқа 4 кг жүкпен 70 км қашықтықты бағындыратын болады.Ал Қазақстандағы электрондық сауданың дамуы нарықтың өсуін 245 млрд. теңгеге дейін жеткізуге кепілдік береді. Қазіргі кезде Қазақстандағы 18 млн тұрғынның 1,5 млн-ы тауарды онлайн сатып алады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Тұрысов Әсет электрондық үкіметті дамытудың алғышарттары және қызметтер туралы айтты.  

«Documentolog» ЖШС және ArtaSoftware сияқты АТ компаниялар құжатайналымды автоматтандыру және CRM жүйелерін енгізу бойынша «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық тәжірибелерімен бөлісті.

Е-сервистер департаментінің директоры Сүйеніш Тілеуханұлы Әбдильдин мобильдік төлемдер және мобильдің үкіметті ілгерілету мақсатында азаматтарды қолма-қол төлемдер ортасына ауысуы үшін электрондық үкімет инфрақұрылымымен ықпалдастырылған төлем құралдарын енгізу жобасы туралы сөз етті. Төлем құралдары – карточкалық процестер негізіндегі электрондық әмиян, онда идентификатордың ролін пайдаланушының телефоны атқарады.

Аталған құрал электрондық үкімет инфрақұрылымы шеңберінде мобильдің төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚР Техникалық қызмет департаменті басқармасының басшысы Варго Сергей тергеушілер және учаскелік полиция инспекторларының қызметіне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру және енгізу жоспарлары туралы айтты.

Аталған жүйелер Жедел басқару орталығымен (ЖБО) ықпалдастырылатын болады, ол арқылы барлық құқық қорғау қызметтерінің (ТЖ қызметі, жол полициясы, көші-қон полициясы жіне басқалардың) жұмыстары қамтамасыз етілетін болады. ЖБО ҚР 35 шағын қалаларын қамтиды. Жобаларды 2021 жылға дейін жүзеге асыруды жоспарлуда.

ҚР МСМ жобасын Мұрағаттар және құжаттама департаменті басқармасының басшысы Қарсақпаева Гульзира көрсетті.

«Құжаттарды электрондық бірыңғай сақтау» жобасы электрондық құжаттарды ұзақ сақтауды қамтамасыз етуге, олардың деректерді автоматты түрде жүйелеу және басқаруға, сондай-ақ мұрпхаттық құжаттардағы сақталатын ақпараттады (анықтамалар, көшірме, үзінділер және т.б.) ұсынуға бағытталған. Жүйеде құжаттарды іздеу функциясы, ғылыми-техникалық, құқықтық және мәдени мұраларды сақтау болады.

Мәдени нысандарды цифрландыру бойынша бастамаларды жүзеге асыру туралы ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері бойынша департаментінің қызметкері Жалено Бинур айтып өтті.

Атап айтқанда, маңызды мәдени оқиғаларды тікелей трансляциалау, цифрлық 3D турларын, іс-шаралар афишасын және мәдени мекемелердің бірыңғай архивіне қолжетімділік берілетін мәдени мұралар порталын (e-culture.kz)құру талқыланды.

Кездесу қорытындылар бойынша қатысушылар жобаларды талқылады және бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берді. Іс-шараның толық есептілігімен   https://digitalization.astanahub.kz/ сайтында танысуға болады.