16 сәуір күні «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР ИДМ жобаларын талқылау бойынша Цифрландыру күні өтті. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, АТ-компанияларының, қоғамдық ұйымдар мен «Зерде» холдингінің өкілдері қатысты.

ҚР ИДМ сандық технологияларды қолдана отырып 7 жобаны таныстырды.
Бірінші жобаны ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов таныстырды. «Интеллектуалды көлік жүйесін құру және енгізу» жобасы 2018-2022 жылдарды іске асыру мерзімімен 11 компоненттен тұрады.

Жобаның аясында қауіпті және ірі көлемді жүктерді бақылау, жол-климаттық жағдайларды талдау және болжауды және т.б. қоса, көліктерді динамикалық өлшеу, тасымал бағдарларының мониторингісі енгізілетін болады.
2018 жылы ТАЖ бойынша үш учаскеде (Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас) және 2019 жылы 13 учаскеде жабдық бапталады.

«Көлік құралдарын тоқтаусыз динамикалық өлшеу» жүйесі бойынша, биылғы жылы 10 ААӨҚ іске қосу жоспарлануда, ал 2019 жылы төлем алу бекттерінде 26 ААӨҚ іске қосылады.

Сондай-ақ, жол секторын цифрландыру аясында Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Жол активтерін басқару жүйесі» (ЖАБЖ) жүйесін енгізеді. Жол активтерін басқару жүйесі - автомобиль жолдары желісін басқаруды жақсартуға арналған ақпараттық-талдамалық жүйе. Жобаның мақсаты – жол жағдайының белгіленген техникалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету. ЖАБЖ-ның маңызды компоненттерінің бірі - жылжымалы жол зертханаларымен орындалатын жолдардың нақты жағдайын аспаптық зерттеу болып табылады. Осы мақсатта министрлік 2017 жылы «Облыстық жол зертханасы» РМК-ны 16 көп функционалды жылжымалы жол зертханасымен жарақтауды аяқтады. Жүйенің функциясы: жолдардың техникалық жағдайы туралы деректер жинауды, жолды күтіп ұстау және жөндеу, жылжымалы жол зертханасын, ЖАБЖ деректерін өңдеу және жүктеу, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, бюджетін автоматты құру, желінің жағдайын талдау және жөндеу жұмыстарын жоспарлауды қамтиды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық минералды ресурстарының дерекқоры» ақпараттық жүйесін құру және енгізу» жобасы жер қойнауын пайдалану саласына инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасының аумағын геологиялық зерттеуді арттыру мүмкіндігін береді.

Жобаның міндеттері:
- Жер қойнауы учаскелерін және геологиялық ақпараттың қолжетімділігін визуализациялау, жер қойнауын пайдалану құқығын онлайн режимде беру, міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу, бірыңғай портал арқылы есеп беру, жер қойнауын пайдаланудағы әлеуетті және қазіргі инвесторлар үшін бірыңғай терезе принципіне енгізу үшін геологиялық сандық ақпаратты, интерактивті картаны бірыңғай дерекқорға енгізу.

«Авиа жолаушылары туралы деректерді жинаудың автоматтандырылған жүйесін жасау және енгізу» атты келесі жобаны ҚР ИДМ ААК Авиациялық қауіпсіздік басқармасының бастығы Катышев Дархан таныстырды. Ол жүйені сипаттап, күтілетін нәтижелер туралы әңгімелеп берді. Жоба ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ықтимал қауіпті тұлғалардың мониторингісі және анықтау үшін, құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасынан тыс және оның ішінде ұшуларды асыратын авиа жолаушылар туралы мәліметтерді қамтамасыз етеді. ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, «Құрылыс индустриясын цифрландыру үшін BIM + зертханасын құру және жұмыс істеу» жобасы ұсынылды. Аталған жобаның мақсаты өндіруші кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кен орындарының энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Осы жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының «Экономика салаларын цифрландыру» бағыты аясында іске асырылатын болады.

ҚР ИДМ құрылыс саласын цифрландыру үшін BIM + зертханасын құруды жоспарлап отыр. Зертхана пайдалану қызмет көрсетудің тіршілік кезеңінің үздіксіз үдерісінде, қала құрылысын тиімді басқару үшін құралдар мен технологияларды әзірлеуге, объектілерді жобалау және модельдеу үдерістерін цифрлауға және т.б. ВІМ технологияларын қолдану саласындағы әлемдік тәжірибені енгізуге ықпал ететін платформа құруға арналған.

ҚР ТРМК төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева «E-ТРМК бірыңғай сандық платформасы» жобасын таныстырды. Жоба техникалық реттеу, метрология, стандарттау және т.б. бағыттарда жұмыс істейтін болады.
Платформада бірқатар мәселелер талқыланды, ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды. ҚР ИДМ АКТ компаниялары Министрліктің жобалары бойынша өз шешімдерін ұсына алатын қайтара Цифрландыру күнін өткізуді ұсынды.
ҚР ИДМ мен АТ қауымдастығының өзара іс-қимыл тәртібі бар екенін еске саламыз. Іс-шара ның қорытындылары бойынша түбегейлі есеп пен қосымша ақпарат https://digitalization.astanahub.kz/projects/83 сайтында берілген.