6-шы сәуір күні «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР АШМ жобалары бойынша Цифрландыру күні өтті.

Аталған іс-шараға АШМ өкілдері мен «Зерде» холдингі АҚ мамандарынан басқа 43 ұйымның қатысушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР АШМ бірінші вице-министрі Арман Евниев Е-АӨК бағдарламасымен және оның бірқатар жобаларымен таныстырды.

Мынадай жобалар ұсынылды:
-Қызметті автоматтандыру;
-Өнімдерді бақылау;
-Электрондық сауда;
-КДҰИ;
-Карантинді объектілер мен шегіртке тектестер бойынша электрондық карта жасау.

Осы жобалардың барлығы «АӨК мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру» бағыты аясында іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, АӨК-тегі үздік қолжетімді ІТ-технологиялар ұсынылды:
-Нақты жер игеру;
-SMART фермалар;
-Ауыл шаруашылық жерлерін спутниктік бағалау.

Арман Евниев ақылды жүйелердің қалай ензілетінін, олардың фермерлерге қандай мүмкіндіктер мен тиімділік беретінін айтып берді.

Мысалы, ақылды егістік жүйесін енгізу егістік топырағын дайындау мен тарихи қалдықтардан тазарту, қайта отырғызу кезінде тұқымды беруді болдырмау, мөлшерлеуді бақылау, тұқым отырғызудың тереңдігі мен қашықтығын автоматты түрде анықтау мүмкіндіктерін береді. Мұның барлығы фермердің төмендегідей оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді:
-Өнімділікті арттыру;
-Себілетін тұқымды жоғалту үлесін азайту;
-Адами фактордың қатысуын азайту;
-Егістік кезінде жерді ұтымды пайдалану;
- Өңдеу үшін статистикалық деректер жинау және іріктеу.

Нақты жер игерудің элементтерін енгізу суландыру, тыңайтқыштарды пайдалану кезінде, өнімді жинау мен болжау кезінде зор мүмкіндіктер береді. Смарт-ферм жүйесі жануарларды қоректендіру, суғару және сауу мониторингін жүргізе алады.

Сонымен қатар, деректерді өңдеу мен сценариялық әрекет ету жүйесіне, климат пен желдетуді басқару жүйесіне жасанды интеллект қолдану, сауда платформасын дамыту және цифрлық технология элементтерінен тұратын ветеринариялық зертхана жасау жоспарлануда.

Осы жүйелердің барлығы ҚР АШМ мен ІТ-компаниялардың бірлескен жұмысында енгізілетінін және іске асырылатынын атап өткен жөн. Кездесу барысында осы процестерге бизнес өкілдерінің белсенді қатысу қажеттілігі туралы айтылды. АШМ ашық ынтымақтастыққа дайын. Бірінші вице-министр А. Евниев осыған назар аудара отырып, іс-шараға қатысушыларды Жобалар бойынша бағдарламаларды басқару кеңсесі жұмысының жоспар-кестесімен таныстырды және Е-АӨК бағдарламасының жобалық кеңсесінің қызметі туралы әңгімелеп берді.

Алаңда бірқатар мәселелер талқыланды, ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды. Осыған ұқсас шараларды тұрақты негізде жүргізу және ауыл шаруашылық бизнес өкілдерінің және ІТ-қауымдастықтың қатысуымен бірыңғай форум өткізу ұсынылды.

ҚР АШМ-нің ІТ-қауымдастықпен өзара іс-қимыл тәртібі бар екенін еске саламыз. Іс-шараның қорытындылары бойынша түбегейлі есеп пен қосымша ақпарат https://digitalization.astanahub.kz/projects/16 сайтында берілген.