Нұр-Сұлтанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрландыру күні өтті.

Жиын барысында келесі жобалар таныстырылды:
«Су басу аймақтарын болжау»;
«Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі»:
«Е-ПИК».

Сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында іс-шара цифрландыру бойынша жауапты тұлғалардың, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ мен Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

СҚО әкімдігі барлық техникалық талаптарға жауап беретін IT-компаниялар мен стартаптардан ұсыныстар мен дайын шешімдерді жинау мақсатында онлайн-кездесу өткізеді.

Е-ПИК жобасының мақсаты-тұрғын үй иелері, ПИК, коммуналдық қызметтер мен қалалық билік органдары арасында байланыс орнату. Әрбір тұрғынның жеке кабинеті болады, онда үй туралы немесе коммуналдық қызметтердің жұмысы туралы ақпарат алып, ПИК-ке хабарлама жібере алады. Веб/Мобильді қосымшаларды пайдалану жоспарлануда.

Жобаны 2020 жылдың соңына дейін іске асыру күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен  ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда.  Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.