Бүгін "Зерде" холдингінде ақпараттық- коммуникациялық технологиялар жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Сараптамалық кеңестің ескертулері мен ұсыныстары есебімен толықтырылған "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасының жобасы ұсынылды

Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулердің 80%-ы бағдарлама жобасында мәнін тапты. Негізінде, есертулер мембағдарламаның бағыттары мен мақсаттарын айқын қалыптастыруға қатысты, индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша, құжатты ресімдеу және оның құрылымы бойынша ескертулер болды. Сонымен қатар қолдағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша, АКТ саласындағы стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар болды. 

Одан әрі АКТ саласында мемлекеттік- дербес серіктестік мәселелері қаралды.  "Зерде" холдингінің басқарушы директоры Бекболат Хамитов МЖС үлгісі бойынша "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жобалар жайында сөз қозғады.  Олардың арасында ұлттық геоақпараттық жүйелер жобасы; агрошаруашылық кешен жобалары; интеллектуалды көлік жүйесін құру (ИКЖ); «Ұялы құрылғыларды тіркеу» АЖ;  мұнай есебінің АЖ; жүктерді ұшақпен тасымалдау саласындағы  қағазсыз құжат айналымының жүйесі(e-Freight).

МЖС үлгісі бойынша жобаларды жүзеге асыру жаңа үрдіс болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы" Заңы 2015 жылда ғана қабылданған болатын.

 Бұдан бөлек, "электронды үкіметтің" даму және Қазақстанда Blockchаin технологияларын пайдалану мәселелері қарастырылды.

"Зерде" Холдингінің Басқарма Төрағасы Әсел Жиенбаева Сараптамалық кеңесте "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасауға белсенді ат салысқандығы үшін өз ризашылығын білдіріп, Бағдарлама жобаларын бірігіп жүзеге асыру жұмыстарының жемісті болуына ниет білдірді

Анықтама үшін:

ЭЖ жасаудың мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму саясатын құруда тиімділік пен айқындылықты арттыру болып табылады. Жиынға Сервистік интеграторлар («Зерде» ҰИХ» АҚ), Операторлар ( «ҰАТ» АҚ, «Қазсатнет» АҚ), «МТҚ» РМК, «Қазпошта»АҚ, операторлар (АО «Транстелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Кселл), АТ-компаниялар қауымдастықтар, ҚР жоба менеджерлер одағы, сонымен бірге өзге де қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.