Бүгінгі күні роботтехникасына қолдау көрсету іс-шараларының аясында Astana Hub алаңында республикалық конкурстардың жүлдегерлері марапатталды.

Бұл нейроинтерфейстің көмегімен басқарылатын әмбебап қол протезін, пилотсыз көлікті, магистралдік құбыр желілерін тазарту машинасын, «Робот-мейрамхананы» және басқа «ақылды» өнертабыстарды әзірлеген оқушылар.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтқандай, балалардың барлық әзірлемелері қызықты және жігерлендіреді. Дәл бүгін мемлекеттің қолдауымен балаларда өздерін білдіру, білімдері мен дағдыларын көрсету, қызықты тақырыптар қарау және шынында дайын шешім әзірлеу мүмкіндігі бар.

"Инновациялық экожүйені жасау бойынша президенттің идеясы мен арманының жүзеге аса бастауы жағымды сезім. Қатысушылардың әрқайсысы балалармен сөйлесіп, жуырда бұл жерде бақша-қала болатынын сезді деп ойлаймын ", - деп белгіледі ол.

Грамоталар мен құнды сыйлықтар – бағдарламалауға және үлгілеуге арналған жинақтарды оқушыларға «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев табыстады.

ҚР БҒМ-ның қолдауымен роботтехникасы және киберспорт бойынша республикалық үйлестіруші кеңес құрылғанын атап өтеміз. Облыстық және республикалық жарыстардың 2018 жылға арналған бірыңғай кестесі бекітілді. Осылайша, наурыз бен маусым айлары аралығында оқушылар арасында роботтехника негіздері бойынша өңірлік іріктеу жарыстары өткізілді. Ал 20-21 маусымда «НЗМ» АҚ мен «Қазроботикс» роботтехникасы федерациясының аясында 2 республикалық финал өтті.

Балалардың роботтехникалық қозғалысына жәрдемдесу бойынша бастамаларға Астана Хаб аясында қолдау көрсетілді және оқушылардың роботтау процесіне белсенді қатысуы Қазақстанның халықаралық АТ-стартап қозғалысқа үйлесімді қосылуына себеп болатын АТ-инкубатордың болашақ резиденттері мектеп қабырғасында өсіп, тәжірибе жинайтынына сенім туғызады.