Құрметті достар! Қазақстандық робототехниканы дамытуға қолдау көрсету аясында Астана ЭКСПО аумағында «Робополис» пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

«Робополис» жобасы робототехника деңгейін, роботтарды жобалау, күнделікті өмірде қолдану үшін өндіру және инновациялар жасау мақсатында ғылыми-техникалық базаны дамытуға ықпал етеді.

Жобаның мақсаты – қазақстандықтардың жас буынының зияткерлік әлеуетін дамыту, жастар арасында инженерлік мамандықтарды танымал ету, Қазақстанда робототехника саласының дамуын ынталандыру, жеке меншік компанияларды ынтымақтастыққа тарту.

Аталған жобаның аясында «Зерде» холдингі байқау жариялап, робототехника саласындағы әзірлемелер мен шешімдерді (прототиптерді) ұсынуға дайын оқу орындарының өкілдері мен жеке әріптестерді қатысуға шақырады.

Байқаудың қорытындылары бойынша үздік үлгілер Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ашылуында ұсынылады. Жеңімпаздар, робототехника саласындағы ұсынылған әзірлемелерді одан әрі дамыту мақсатында, гранттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қатысу өтінімін қарастыру үшін техникалық сипаттама қалыптастыру, роботтың сол немесе басқа моделінің не прототипінің қызметі, қолдану саласы, оның артықшылықтары, габариті және салмағы көрсетілген фото мен бейнені қоса беру қажет.

Ақпаратты үстіміздегі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, Tsavitskaya@zerde.gov.kz, eturysbekov@zerde.gov.kz электрондық пошталарына жолдауыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпаратты https://www.facebook.com/events/182282152395359/ Facebook парақшасында табуға болады.

Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша жоба менеджерлерінің мына телефондары арқылы хабарласуыңызға болады:

8 701 929 92 98 (Татьяна), 87029990608 (Ермек)