Нұр-Сұлтанда Қызылорда облысын цифрландыру күнін өткізді.

Жиын барысында келесі жобалар таныстырылды:

«АІІБ мен ЖБО интеграциясы бар мектеп ұйымдарындағы бейнебақылау жүйесі»

«ТЖ бақылау және болжау жүйесі»

«Автотұрақтарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі»

«Ахуалдық орталықтың ақпараттық-талдау жүйесі»

Сапалы жобалар мен ұсыныстар әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің цифрландыру бойынша жауапты тұлғаларының, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ мен Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

Жоба қаладағы заңсыз тұрақ мәселелерін шешуге және бос тұрақ орындарының саны туралы хабарламаны автоматтандыруға арналған. Жалпы құны 15 миллион теңгені құрайды. Іске қосу мерзімі – 2020 жылдың соңына дейін.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда. Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.