Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 695 қаулысымен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) саласындағы Ұлттық даму институты ретінде айқындаған «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг), Сіздерді АКТ саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту нарығын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі жобасы тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – Қызмет) дайындау кезінде әлеуетті бірлесіп орындаушы ретінде, Холдингке жәрдемдесуге өзінің мүдделілігі ұсынуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 695 қаулысымен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) саласындағы Ұлттық даму институты ретінде айқындаған «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг), Сіздерді АКТ саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту нарығын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі жобасы тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – Қызмет) дайындау кезінде әлеуетті бірлесіп орындаушы ретінде, Холдингке жәрдемдесуге өзінің мүдделілігі ұсынуға шақырады.

          Қызмет көрсетудің болжамды мерзімі 8 айдан аспайды.

          Осы сұрау салуға қызығушылық білдіруге қатысуға ниет білдірген ұйымдарға 2022 жылғы 25 наурызда «18» сағат «30» минуттан кешіктірмей электрондық пошта арқылы немесе келесі мекенжай бойынша, мөрмен (бар болса) куәландырылған уәкілетті тұлғаның қолы қойылған коммерциялық ұсыныс жіберу ұсынылады:

 

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, 010000, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат. E-mail: zerde@zerde.gov.kz, +7 7172 57 07 78.

 

          Ұйым, Қызмет көрсету шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс:

1)   мынадай аспектілер бойынша ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің олқылықтарын, қайшылықтарын, көптігін анықтау мақсатында қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу: ақпарат (интернет пен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, ақпараттың өмірлік цикліне байланысты міндеттер, құқықтар мен шектеулер); денсаулық пен дамуға зардабын тигізетін ақпаратты қорғау тетіктері; азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары; зияткерлік құқық және меншік мәселелері; цифрландыру процестерін басқарудың/енгізудің халықаралық тәжірибесі, озық трендтер мен цифрландыру құралдары; экономиканың әртүрлі салаларында және пәндік салаларда цифрлық технологияларды қолдануды регламенттеу (қағидаттар, этика, АК-қызметтер, қолданылатын технологиялар); ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің цифрлық орнықтылығы мен қауіпсіздігі; байланыс және телекоммуникациялар (желілерді құру және пайдалану, шектеулі ресурстарды бөлу және пайдалану, желіаралық қосылыстар мен кемсітпеушілік қолжетімділік, желілік бейтараптық, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің цифрлық орнықтылығы және қауіпсіздігі пайдаланушылардың, провайдерлердің және операторлардың құқықтары мен міндеттері); халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ақпарат алмасу үшін жағдай жасау;

2)   халықаралық заңнамаға және мынадай аспектілер бойынша талдау жүргізу: ақпарат (интернет пен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, ақпараттың өмірлік цикліне байланысты міндеттер, құқықтар мен шектеулер); денсаулық пен дамуға зардабын тигізетін ақпаратты қорғау тетіктері; азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары; зияткерлік құқық және меншік мәселелері; цифрландыру процестерін басқарудың/енгізудің халықаралық тәжірибесі, озық трендтер мен цифрландыру құралдары; экономиканың әртүрлі салаларында және пәндік салаларда цифрлық технологияларды қолдануды регламенттеу (қағидаттар, этика, АК-қызметтер, қолданылатын технологиялар); ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің цифрлық орнықтылығы мен қауіпсіздігі; байланыс және телекоммуникациялар (желілерді құру және пайдалану, шектеулі ресурстарды бөлу және пайдалану, желіаралық қосылыстар мен кемсітпеушілік қолжетімділік, желілік бейтараптық, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің цифрлық орнықтылығы және қауіпсіздігі пайдаланушылардың, провайдерлердің және операторлардың құқықтары мен міндеттері); халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ақпарат алмасу үшін жағдай жасау;

3)   экономика салаларын цифрландырудың халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізу;

4)   1), 2), 3) - тармақтарда көрсетілген аспектілер бойынша қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелеудің әсерін бағалауды жүргізу;

5)   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің жобасына реттеушілік саясаттың консультациялық құжатын әзірлеу;

6)   1) - 5) тармақтарды орындау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі жобасы тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу жатады.

          Қызмет көрсету үшін ұйымның критерийлері:

1)   заңнамадағы олқылықтар мен коллизияларға талдау жүргізу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қызметтер көрсетуде 5 жылдан кем емес жергілікті және халықаралық тәжірибе;

2)   кәсіпкерлік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен ілгерілетудің кемінде 3 жыл тәжірибесі;

3)   штатында мынадай салаларда құқықтық мәселелер бойынша кемінде 3 маманның болуы: телекоммуникация және байланыс/ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік.