Сіздерге мемлекеттік қызмет саласындағы инновацияларды акселерациялау зертханасы аясында өткізілген Инновациялық шешімдер конкурсының аяқталғаны туралы қуана хабарлаймыз! «Зерде» холдингі» АҚ мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен және БҰҰДБ-мен бірлесіп, қорытынды жасады.

Конкурсқа стартап компаниялар мен әзірлеушілерден 30-дан астам өтінім келіп түсті. Ұсынылған өтінімдерден инновациялар акселерациясы жөніндегі зертхананың Консультативтік-сараптамалық комиссиясының алдында онлайн-питчинг кезінде ұсынылған конкурс талаптарына сәйкес келетін 10 жоба іріктеліп алынды.

Инкубация кезеңінен өту үшін комиссия отырысының нәтижелері бойынша 3 инновациялық шешім таңдалды:

1) AI-LEGAL компаниясы.
Жоба: Заң практикасы құжаттарын пайдалана отырып, заң негіздемесі, тәуекелдерді бағалау, балама тұжырымдамалар беретін жасанды интеллект негізіндегі заң сараптамасы сервисі.

2) EDU-CONSULTANT компаниясы.
Жоба: Адами ресурстарды тиімді басқару бойынша бірыңғай консультациялық платформа (HRM). Платформа болашақта жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауатты консультация алуға көмектеседі.

3) "NPKokshe" компаниясы.
Жоба: "PRO.Tourism" мобильді қосымшасы, жолдамаларды сатуды арттыруға, табиғат қорғау қызметтерінің қарамағындағы бизнес-процестердің бір бөлігін автоматтандыруға және т. б. бағытталған.

Іріктелген жобалар жетекші сарапшылардан инкубация мен акселерациядан тегін өту мүмкіндігіне ие болады. Жобаларды құттықтаймыз және алдағы кезеңдерде табыс тілейміз!

Барлықтарыңызға конкурсқа белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!