16 мамырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ қатысуымен Цифрландыру күні өтті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын талқылауға компаниялар, «Зерде» холдингі» АҚ-ның сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық IT-компаниялар қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті Дмитрий Салов өндірістік, ұйымдық өзгерістерге және бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған цифрландыру жобаларын ұсынды.

«ТОРО және ОН-ның озық тәжірибесі мен практикасын енгізу арқылы пайдаланудың ұлғайтылған жөндеу аралық кезеңіне өту бойынша жұмыс кешені» жобасы. Жобаның мақсаты - ақпараттық жүйелер есебінен МӨЗ жабдықтарын пайдалануда жөндеу жұмыстарының санын азайту.

Келесі «Интеллектуалды кен орны» жобасының мақсаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші активтерінде өндірісті басқарудың заманауи кешенді жүйесін құру. Жоба қорлардың 90% және мұнайдың негізгі көлемін өндіруді қамтамасыз ететін ҚМГ БӨ-ның негізгі кен орындарын қамтиды.

Көлік жобалары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының директоры Төлебаев Серік әңгімелеп берді. «Мультимодальді тасымалдауды басқару жүйесі» жобасы «Цифрлық теміржол» жобасының бір бөлігі болып табылады және тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының өзара іс-қимылын автоматтандыруды қамтамасыз етуге арналған.

«KEGOC»АҚ-ның «Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін енгізу» жобасын ЖА ҰДО филиалының бас диспетчері Мұқатов Бекжан ұсынылды. АҚБОЖ – энергожүйені қадағалау, аварияға қарсы іске тартылған басқару туралы шешім қабылдау технологияларын қолдану есебінен энергожүйенің жоғары төзімділігін қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады.

«Цифрлық кен орны» жобасының презентациясын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Цой Дмитрий ұсынды.

АЖ ТО ҰАК АҚ уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік бизнес-процестерін басқарудың кешенді автоматтандырылған жүйесі  болып табылады және әлемдік тәжірибе жүзінде тексерілген  MES және LIMS класс жүйелерін қолданумен   жүзеге асырылуға тиіс. Спикер техникалық қайта жабдықтау бағдарламасымен байланысты ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. «Біз тетіктер, қашықтан температура көрсеткішін алу технологияларын, вибрациялар, параметрлерді қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, жоспарлаудың ықпалдастырылған жүйесін енгізуді қарастырамыз" – деп айтты Д. Цой.

Кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар бастамалар мен ұсыныстар ұсынылды. Іс-шара туралы толық есеппен https://digitalization.astanahub.kz/ сайтында танысуға болады.