Нұр-Сұлтан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің цифрландыру күнін өткізді.

Кеңес барысында келесі жобалар таныстырылды:
"Кеме жүйелерінің мониторингі»;
"Тереңдету жұмыстарының кешені»;
"Навигациялық белгілер".

Сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында іс-шара вице-министр Динара Щеглованың, және "Зерде "холдингі" АҚ мен Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

ИИДМ барлық техникалық талаптарға жауап беретін IT-компаниялар мен стартаптардан ұсыныстар мен дайын шешімдер жинау мақсатында онлайн-кездесу өткізеді. Осылайша, бірінші жобаның міндеті техникалық флот кемелерін жедел қадағалау және кеменің күштік қондырғыларын пайдалану болып табылады. Кемелердің негізгі орналасу орындары: Өскемен, Семей, Павлодар, Орал, Қапшағай, Балқаш және Атырау.

Динара Щеглова атап өткендей: "кеме қатынасының қауіпсіздігі мен тиімділігі жасалатын жағдайларға байланысты". Сондықтан, IT-компаниялар осы мәселе бойынша өздерінің IT-шешімдерін белсенді түрде ұсынды. Екінші және үшінші жобалардың мақсаты – түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік шығындарды азайту және қайталанатын операцияларды орындау уақытын қысқарту және навигациялық белгілерді ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-алаң диалог пен технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін ұйымдастырылған. Цифрландыру күндері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, "Зерде "холдингі" АҚ-ның және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен ІТ-нарығының мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастығы үшін өтуде.