Кеше Министрліктер үйінде Қазақстанның IT компаниялары өкілдерінің ҚР ИДМ Вице-министрі С.С. Сәрсеновпен кездесуі өтті.

Кеше Министрліктер үйінде Қазақстанның IT компаниялары өкілдерінің ҚР ИДМ Вице-министрі С.С. Сәрсеновпен кездесуі өтті.
Талқылауға Қазақстанның 20 аса ірі компаниялары, сондай-ақ «Зерде» Холдингінің, «ҰАТ» АҚ, «МТҚ» РМК өкілдері қатысты.
Кездесуде мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың сервистік үлгісін жүзеге асыру механизмдері және сервистер мен сервистік бағдарламалық өнімдерді жүзеге асыруда IT компанияларының қатысуы талқыланды.
Өз сөзінде «Зерде» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Б. Қ. Құрманғалиева МО АСҮ, сервис құру үлгілерін таңдауда, сервистік интегратор қызметіндегі қатысушыларының рөлі туралы толық баяндап берді.
Кездесу барысында, Вице-министр С.С.Сәрсенов МО АСҮ жобаларының басшыларымен бірге IT нарығы өкілдерінің өзекті және өткір сұрақтарына жауап берді.
Қазіргі уақытта «Зерде» Холдингінің» және «ҰАТ» АҚ қызметкерлерімен осы жобаны енгізу және жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатқанын, және осыған байланысты осы үдеріске IT компаниялардың қатысуы маңызды рөл ойнайтынын атап өту керек,
Кешегі кездесуден ақпараттандырудың сервистік үлгісі бойынша көрсетуді сіздер осы жерден көре аласыздар.
Неғұрлым толық ақпаратпен «Зерде» Холдингінің сайтында http://www.zerde.gov.kz/ru/deyatelnost-kholdinga/servisnaya-model-informatizatsii,http://www.zerde.gov.kz/ru/deyatelnost-kholdinga/transformatsiya-gruppy-kompanii-ao-kholding-zerde.html сілтемелерде өткізе отырып таныса аласыздар, сондай-ақ http://www.zerde.gov.kz/ru/forum/index.html осы тақырып бойынша форумға қатыса аласыздар.



«Зерде» Холдингі» АҚ баспасөз қызметі