Құрметті азаматтар, коммерциялық емес ұйым өкілдері!

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңының 9-бабына және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Холдингтің қоғамдық кеңесіне мүше болуға кандидаттарды конкурстық іріктеу басталғанын жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Холдинг қоғамдық кеңесінің сандық құрамы: 12 адам, оның 4-уі Холдинг (с.і. ЕҰ) өкілі, 8-і азаматтық қоғам өкілі.

Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелегіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниетті азаматтар, коммерциялық емес ұйым өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде (12-21 тамыз аралығында ) мына құжаттарды өткізеді:

1) азаматтың кандидатурасын Холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну туралы өтініші (нысаны қоса тіркелді);

2) коммерциялық емес ұйымның кандидатураны (болған жағдайда) Холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну туралы өтініші;

3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

5) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

6) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат 5) және 6) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Құжаттар 2021 жылғы 21 тамызға дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) мына мекенжайда арнайы қабылданады: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат, телефон нөмірі: 95-47-67, +77021478710, не электрондық почтамен жіберіледі: zerde@zerde.gov.kz

Кандидаттарды Қоғамдық кеңеске іріктеу барысында гендерлік тепе-теңдік және оның құрамына мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды да іріктеу шаралары қамтамасыз етіледі.

Барлық сұрақ бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: +7019893940; +77021478710