Астанада 2018 жылғы 3-4 шілдеде «Астана ЭКСПО» павильонында «Зерде» холдингі» АҚ ұйымдастырған «Отандық IT-шешімдердің ақпараттық күні» атты екі күндік көрме өтуде.

Отандық IT-шешімдерді ілгерілету, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы шарттар жасау және АКТ саласында индустриалдық-инновациялық қызметті ынталандыру аясында «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Қ.Жұмағалиевтың қатысуымен отандық IT-шешімдер көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде 40-тан астам қазақстандық IT-компаниялар экономиканың әр түрлі салалары бойынша 120-дан артық IT-шешімдер көрсетуде.

Іс-шараның мақсаты – дайын IT-шешімдерді және отандық IT-әзірлеушілер мен өндірушілердің әлеуетін көрсету.

Көрменің алғашқы күні аясында келесі меморандумдарға қол қойылды:

1. Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің жанындағы «ИнфоСистема» мемлекеттік кәсіпорны мен «ARTA Software» ЖШС арасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум.

2. «ТҮКШ жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ мен «Automato» ЖШС арасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум.

3. «Астана Innovations» АҚ мен «Automato» ЖШС арасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум.

4. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Automato» ЖШС арасында кадрлық іс жүргізуді автоматтандыру саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум.

«Зерде» холдингі» АҚ 2018 жылғы наурыз бен мамыр аралығында 17 мемлекеттік органның және 10 ұлттық компанияның қатысуымен 14 цифрландыру күнін өткізгенін еске саламыз. Осы іс-шаралардың аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 70-тен астам жобасы қарастырылды. Цифрландыру күндеріне 180-нен астам ІТ-компаниялар және көптеген орталық мемлекеттік органдар қатысты.

Цифрландыру күндерін өткізгеннен кейінгі келесі кезең – бұл мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнестің өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар үшін қазақстандық ІТ-шешімдерді көрсету.

Барлық келушілер үшін қатысу тегін, https://digitalization.astanahub.kz/projects/112 сайтында тіркелуге болады.