2016 жылғы 26 мамырда Астана қ. Тәуелсіздік сарайында ауқымды Астаналық экономикалық форум – 2016 шеңберінде «Адамзат және елдер арасындағы цифрлық теңсіздікті жою» тақырыбында Халықаралық конференция өтеді.

"2016 жылғы 26 мамырда Астана қ. Тәуелсіздік сарайында ауқымды Астаналық экономикалық форум – 2016 шеңберінде «Адамзат және елдер арасындағы цифрлық теңсіздікті жою» тақырыбында Халықаралық конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ бірлесіп Конференцияның ұйымдастырушылары болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ) саласындағы серпінді даму елдің экономикалық өсуіне ғана әсер етіп қоймайды, қоғамның өмірлік іс-әрекетінің барлық қырларының өзгеруіне алып келуді.
Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылғы қыркүйекте қабылданған тұрақты даму мақсаттарын талқылауға бағытталатын болады. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа салаларда жаңа технологияларды енгізу жолымен адамзат және елдер арасындағы цифрлық теңсіздікті жою бойынша мәселелер қаралады.
Конференцияның шеңберінде ірі трансұлттық компаниялар мен зерттеу институттарының АКТ саласындағы әлемдік жетекші сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық АКТ компаниялар мен мемлекеттік секторлардың өкілдері қатысады.
Конференциға Дүниежүзілік банктің ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші маманы Хуан Навас – Сабатер және Олбани (АҚШ) университетінің мемлекеттік басқаруға арналған технологиялар орталығының басшысы Тереза Прадо арнайы қонақ ретінде шақырылған. Олар сессияның модераторы ретінде қатысады.
Конференция Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың кіріспе сөзімен басталады.
Мыңжылдықты дамыту орталығын іске асыру үшін қоғамды және технологияны жұмылдыру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкімет басқармасы басшысы Винченцо Акваро баяндайды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның АКТ саласындағы министрі Карине Минасян әртүрлі контекстер және цифрлық дивидендтер технологиясы туралы айтады.
Конференцияда SAP SE мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі бас директоры Изабелла Гроегор-Цечович сөз сөйлеп, өзінің баяндамасында цифрлық теңсіздікті жою үшін жаңа бизнес-модельдер туралы ақпаратпен бөліседі.
Конференция ресми әріптес SAP халықаралық компаниясының, сондай-ақ іс-шараның әріптесі EMC компаниясының қолдауымен өтеді.
Тұтас алғанда іс-шарада 200-ден астам қатысушы кездеседі.

«Зерде» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі

Конференцияның бағдарламасы қоса беріледі