Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Павел Олегович Казанцев «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалының өкілдерімен бірлесіп «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингісіне барды, онда Холдинг қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында П.О. Казанцев ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысы туралы айтып берді, ол еркін жағдайда өтті. Депутат Холдинг ұжымын «Парламент Мәжілісінің жұмыс күндерімен» таныстырды, соның ішінде антитеррорлық, Конституциялық реформа, Президент Жолдауы, Президент жолдауына арналған Бағдарламалық мақала атты төрт блок бойынша 10 ай ішінде (2016 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы 30-маусымға дейін) қабылданған 83 заң туралы қысқаша айтып берді. Кездесу диалог түрінде өтті. Әсіресе кәсіпкерлік пен бизнес саласына қатысты соңғы кездері қабылданған нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат аудиторияның ерекше қызығушылығын туғызды. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Павел Олегович Казанцевке өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды, оларға Депутат қуана жауап берді.