Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 маусымнан бастап халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету бойынша курстар басталады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыты - Адам капиталын дамыту мақсатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірге халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету бойынша әдістемені және оқу бағдарламасын әзірледі.

        Еліміздегі цифрлық сауаттылық деңгейін 78,5% көрсеткішке жеткізу үшін 500 мыңға дейін адамды мобильдік дағдылар, Интернетпен жұмыс, қауіпсіздік, деректерді қорғау сияқты тағы да басқа базалық компетенцияларға оқыту қажет.

        Осының шеңберінде ағымдағы жылы елдің әр аумағында халықты цифрлық сауаттылықтың базалық компетенцияларға үйрету бойынша   іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

        Оқу курстары мынадай дағдылар бойынша өтеді:

 1.     «Базалық цифрлық дағдылар» бойынша. Базалық цифрлық дағдыларға персоналдық компьютерді және ноутбукты, мобильдік құрылғыларды, Интернет желісін, қауіпсіздік пен деректерді сақтауды сенімді қолдану жатады.

2.     «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» бойынша. «Электрондық үкіметті» қолдану дағдыларына қажетті үйден шықпай «онлайн» электрондық мемлекеттік қызметтерін алу жатады.

3.     «Ашық үкімет» бойынша. «Ашық үкіметті» қолдану дағдыларын «Ашық үкіметтің» төрт компоненті (ашық деректер, ашық нормативтік-құқықтық актілер, ашық диалог және бюджеттер) құрайды.

4.     «Электрондық сауда» бойынша. «Электрондық сауда» дағдыларына тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және ілгерілету жатады.

       Айта кетейік, 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында «Зерде» Холдингі» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ мамандары тұрғындарға цифрлық сауаттылықтың базалық және кәсіби дағдыларын оқытатын тренерлерді дайындаған болатын. 

      Оқыту курстары өз  компетенцияларын 1 немесе 4 дағды бойынша көтергісі келетіндер үшін тегін жүргізіледі.

Курстар Қазақстанның барлық өңірлерінде (аудан орталықтарында, ауылдарда және  кенттерде) 2018 жылғы 1 маусымда мектептер мен кітапханалар базасында басталады. 

      Сіздің аймағыңызда курстың өтетін уақыты мен орнын анықтау үшін 1414 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 57 60 79, +7 701 579 97 16. Электронный адрес: ktasbolarova@zerde.gov.kz