Бұл күндері 2016 жылғы 17 – 19 ақпан аралығында Алматы қ. Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) Бүкіләлемдік банктің бастамасымен "2016 әлемдік даму туралы баяндама: цифрлық дивиденттер» халықаралық көрсету шеңберінде Орталық және Оңтүстік Азиянының цифрлық дамуы жөніндегі семинар өткізілуде.

"Бұл күндері 2016 жылғы 17 – 19 ақпан аралығында Алматы қ. Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) Бүкіләлемдік банктің бастамасымен ""2016 әлемдік даму туралы баяндама: цифрлық дивиденттер» халықаралық көрсету шеңберінде Орталық және Оңтүстік Азиянының цифрлық дамуы жөніндегі семинар өткізілуде. Бұл семинар үш маңызды бастамаларға негізделген: «2016 әлемдік даму туралы баяндама: цифрлық дивиденттер», Орталық және Оңтүстік Азиянының кең жолақты желілерінің цифрлық жобасы (Цифрлық CASA немесе Digital CASA) және «Цифрлық Қазақстан» Бағдарламасы. 2016 әлемдік даму Баяндамасының көрсетуі ҚР Ирнвестициялар және даму министрі Ә.О. Искешевтің кіріспе сөзінен басталды. Семинарға Қазақстан, Ауғаныстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ирнвестициялар және даму министрі Ә.О. Искешев, «Зерде» Холдингінің Басқарма Төрағасы Б.Қ.Құрманғалиева және т.б. болды. Семинардың мақсаты цифрлық трансформациялауды стратегиялық көруге қатысты Орталық/Оңтүстік Азия мемлекеттік көшбасшылары, сарапшылары және тәлімдеме алатын мамандары аоасында бірыңғай пікірге қол жеткізуге, сондай –ақ Digital CASA жоьасы шеңберінде әлеуеттік       ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтау және ДРМ 2016 ұсынмдарына сәйкес цифрлық дивиденттер алуға бағытталған. Семинар бағдарламасы Орталық Азиядағы цифрлық технологияларды дамыту бойынша тәжірибе алмасуды қарастырды, қатысушыларға цифрлық технологияларды дамытудың жаңа бағдарламасын талқылау және жаңа бағдарламалар әзірлеу мүмкіндігі ұсынылды. Бірінші күн мемлекеттік саясат, технологиялық орталық, ғылыми қауымдар және әзірлеушілер қауымдастығы саласында бүкіләлемдік әйгілі мамандардан тұратын сарапшылық топтың қатысуымен өтті. Қатысушылар шығындарды ғаламдық бөлудің төменгі деңгейіндегілерді қоса алғанда барлығына дивиденттерді қалай тез және тұрақты алу туралы пікір алмасты. Көрсету барысында, қатысушылар жұмыс орнын құру мәселелерін, өнімділікке қарым –қатынас және т.б. талқылаған панельді пікірталас өтті. АКТ саласындағы Бүкіләлемдік банк тобы қазіргі уақытта тиісті саясатты және нормативтік базаны жаңарту арқылы, инфрақұрылымдағы жеке сектордың инвестицияларын ынталандыра отырып, теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ және Оңтүстік Азияның бөлігін Орталық Азия (ОА) елдерінің кеңжолақты Интернет қолжетімділігін жақсарту үшін өңірлік және трансшекаралық тәсілді енгізуге бағытталған Орталық және Оңтүстік Азияның цифрлық кеңжолақты желілері бойынша жоба дайындауда. Digital жобасына қосуға жоспарланып отырған алғашқы елдер Ауғаныстан, Қырғызстан және Тәжікстан болып табылады. Орталық Азияның басқа елдері, соның ішінде Қазақстан оған қосылуға шақырылатын болады. Digital CASA жобасының үш негізгі компоненттері бар: 1) Цифрлық қосылу компоненті; 2) Цифрлық үкімет және инновациялар компоненті; 3) Қоршаған ортаны нығайту компоненті. «Зерде» Холдингімен бастамашылық етілген ""Цифрлық Қазақстан-2020"" жаңа Мемлекеттік бағдарламасының жобасын көрсетуге арналған семинар шеңберінде 2016 әлемдік даму туралы Баяндаманың командасымен бірлесіп Бүкіләлемдік Банк АКТ және Транспорт жөніндегі ғаламдық тәжірибе департаментімен ұйымдастырылған жеке сессияны ерекше айтуға болады. ""Цифрлық Қазақстан» Бағдарламасының Жобасын «Зерде» Холдингінің басшысы Б.Қ.Құрманғалиева ұсынды. ""Цифрлық Қазақстан» жобасы Қазақстан үкіметімен қарастырылған цифрлық дамудың жаңа трансформациялық бағдарламасы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі ""Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын құруда Бүкіләлемдік банк тобымен ынтымақтастыққа бағытталған.   ""Зерде"" Холдингінің баспасөз қызметі  "