2021 жылғы 3-5 тамыз аралығында 2021 жылғы 3-5 тамыз аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Зерде» холдингі» АҚ бірлесіп «Инновациялар, цифрлық үкімет және Орталық Азияда тұрақты даму үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету» тақырыбында вебинар ұйымдастырады.

Семинарда БҰҰ 2022 жылғы электрондық үкіметті дамыту, Орталық Азия өңірінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) COVID-19 пандемиясы жағдайында электрондық үкіметті трансформациялау, сапалы электрондық қызметтер көрсетудің маңыздылығы және осы саладағы жаһандық және өңірлік ынтымақтастықтың қажеттілігі жөніндегі зерттеуінің жаңа трендтері мен үрдістері талқыланады.

Іс-шара мақсаты - Электрондық үкіметтің 2020 жылғы шолуының нәтижелері негізінде қатысушы елдердің цифрлық трансформациясының мүмкіндіктерін бағалау, электрондық үкіметті дамыту бойынша жаһандық және өңірлік әріптестікті, ынтымақтастықты және үйлестіруді нығайту. Сондай-ақ, вебинар барысында қатысушылар ұлттық стратегияларды және 2030 жылға дейінгі кезеңдегі Күн тәртібіне байланысты жоспарлар мен ТДМ қолдауға арналған инновациялар мен цифрлық үкімет саласындағы жаңа тұжырымдамалар, құралдар мен тәсілдерді қарастырады.

Іс-шараға қатысушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Лю Жэньмин мырза, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Цифрлық үкімет жөніндегі басшысы Винченцо Акуаро мырза және Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түркіменстан Республикалары) цифрландыру жөніндегі меморгандарының өкілдері.

Іс-шара семинарына сілтемені Холдинг парақшасынан алуға боладыhttps://www.facebook.com/holdingzerde/ .

Вебинар бағдарламасын мына жерден жүктеуге болады,
Жалпы бағдарлама

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон бойынша хабарласыңыз: +77011113038, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Аяжан Мұқанова, +77026398413 халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Зура Камзинова.