IMG_7293.jpg

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы бұдан бұрынғы кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, тәжірибе алмасу және АКТ саласындағы жобаларды іске асыруда өзара қолдау туралы келісімдерге қол жеткізілген. 

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасынан делегация жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Делегацияның алғашқы жұмыс сапары «Зерде» Холдингінің қызметі, жобалары және ынтымақтастық перспективалары ұсынылды. 

Делегация сапар аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да ұйымдарының қызметімен танысады.