Нұр-Сұлтанда мәдениет және спорт министрлігінің цифрландыру күні болып өтті.

Іс-шара барысында келесі жобалар таныстырылды:
«ҚР аумағындағы фильмдердің бірыңғай мониторингі»;
«Бірыңғай ақпараттық кеңістік құру».

Іс-шара сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша IT –қауымдастық арасында диалог ұйымдастыру мақсатында МСМ цифрландыру бойынша жауапты тұлғалардың, сондай-ақ "Зерде "холдингі" АҚ және Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.
Аталған жобаларды мәдениет және спорт департаменті кинематография және театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова таныстырды.
А.Нұрбекова бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру жоспарымен таныстырды. Ол фильмдерді прокаттау және көрсету бойынша дұрыс деректерді, көрермендер саны бойынша күнделікті статистиканы, фильмді прокаттау бойынша талдамалық деректерді және кинопрокатты жинау жөнінде ресми деректердің бірыңғай алаңын қамтитын болады. Іске асыру мерзімі шамамен 2 айды құрайды.
Екінші жобаның негізгі мақсаты-Қазақстанның мәдениет объектілерінің виртуалды турлары бар бірыңғай цифрлық порталды іске қосу. Функционал виртуалды музейлер желісін құруға және барлық музей қорларын, концерттер, спектакльдер жазбаларын және материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұра элементтерін электрондық форматқа көшіруге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен  ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда.  Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық
жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.