22-маусымда Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде «Кремний алқабы бұрышының» ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев ашты, ол «Зерде» холдингімен бірігіп жасаған жұмыстар үшін серіктестерге алғыс білдіретіндігін жеткізді, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы тапсырмасы аясында бүгін ашылған Кремний алқабы бұрышын қуана таныстыратындығын атап өтті.

«Кремний алқабы» көрме бұрышы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстанда Кремний алқабының өкілдігін ашу туралы келісім аясында Cisco, SAP, Oracle, Mastercard компанияларымен ынтымақтаса отырып әзірленді.

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуірінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компания өкілдерімен Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында ынтымақтастық орнату бойынша кездесулер өткізілді. Кремний алқабындағы Қазақстан Республикасының Инновациялық Өкілдігі Кремний алқабындағы ҚР-нің технологиялық стартаптарын дамыту үшін негіз болады, ол ең үздік технологиялық технологиялық идеялар мен үрдістерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ҚР кәсіпкерлік пен ғылымды дамытуды ынталандыратын болады.

«Кремний алқабы» бұрышы көрме алаңының міндеті экономиканы цифрландыру бойынша «Зерде» серіктестерінің жаңа шешімдерін және шет мемлекеттерде, экономиканың түрлі салаларында қолданылатын тәжірибелерді таныстыру болып табылады.

Атап айтқанда, Cisco «Бірлескен жұмыстарға арналған шешімдер» бөлімінде «ақылды» қалалар мен көлікке арналған IoT (InternetofThings, Заттар интернеті) тұғырнамасын, цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін таныстыратын түрлі сценарийлерді орналастырды. «Цифрландыру» және «Ақылды қала» Cisco бөлімдерінде көрмеге келушілер қалалық инфрақұрылым мен сервисті цифрландырудың қала дамуына қалай ықпал ететінін көрді, сондай-ақ интеллектуалды басқаруы бар көше шамының демо-нұсқасымен танысты.