Бүгін 14-маусымында «E-freight» «Әуе жүк тасымалы саласындағы қағазсыз құжат айналымына арналған ақпараттық жүйені енгізу және бейімдеу» бойынша Қазақстандағы көлікті цифрландыру саласындағы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы жобасына қол қою рәсімі болды.

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және «Transinfotech» ЖШС бірлескен кәсіпорнының бас директоры Мәлік Бердіғалиев қол қойды. Бұл шара ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің («ТрансИнфоТех» ЖШҚ консорциум компаниясы (РФ), «SecureTech Corporation» ЖШС және "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ сияқты жеке әріптестермен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде іске асырылып отыр.

«Бұл Қазақстанның көлік саласындағы цифрландыру бойынша алғашқы МЖӘ жобасы. Жоба бірінші кезекте жүк құжат мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Егер Қазақстанға келе жатқан жүк бір тәулік ішінде рәсімделсе, «Е-freight»-ті енгізумен, оны өңдеудің мерзімі 1 сағатқа дейін қысқартылады, яғни жүкті рәсімдейтін 20 қағаз электрондық форматқа көшеді», - деп атап өтті ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

«Жоба 2016 жылғы желтоқсанда бастау алды. «Зерде» Холдингімен бірге МЖӘ заңнамасының аясында кеңестік қолдау көрсеткен және тұжырымдаманы әзірлеуді қамтамасыз еткен барлық қажетті процедураларды өткіздік. Бүгін біз инвестициялық сатыны, тиісті келісімшарттарға қол қоюды, техникалық ерекшеліктерін әуе компанияларымен, әуежайлармен, кедендермен және ҚР ИДМ ААК-мен келісуді бастаймыз»,- атап өтті «Transinfotech» ЖШС бірлескен кәсіпорыннның Бас директоры Малик Бердигалиев.

Жобаның негізгі ерекшелігі ол жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Жоба құны – 3,3 млрд. теңге. Жоба Қазақстанның барлық халықаралық әуежайларында іске асырылатын болады және Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін «e-freight» ақпараттық жүйесіне иелік ету құқығы мемлекетке тегін берілетін болады.

«E-freight» әуе жүк тасымалын қағазсыз рәсімдеудің және сүйемелдеудің халықаралық стандарты. Бұл жобаны іске асыру жүк әуе тасымалы құжаттамасын жобалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді (шамамен 20 құжат қағаздарын электронды форматқа көшіру), жүк әуе ағынын өңдеу уақытын қысқартуға (өңдеу уақытын орта есеппен 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқарту) мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк әуе тасымалдарының және транзитінің тартымдылығын арттырады.

Бұл жоба ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 67-ші қадамы), транзиттік жүк тасымалдау тартымдылығын дамытуға және жақсартуға бағытталған. Айта кету керек, «e-freight» осы саладағы басым жобалардың бірі. Бұл еліміздегі цифрландыру бағдарламасының негізгі міндеттеріне жауап береді.