NU, ЕҰУ және Қазақ технология және бизнес университетінің 2-4 курс студенттері маусым айы ішінде «Зерде» Холдингі» АҚ-да тағылымдамадан сәтті өтті.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында NU-де студенттермен кездесу өткізіліп, онда Холдинг командасы қатысушыларды компанияның жұмысымен таныстырып, тағылымдамадан өтуге шақырған болатын.

Осы кездесуден кейін NU Мансап орталығы Холдингте практикадан өту үшін тәлімгерлерін жіберді, сондай-ақ бірқатар студенттер өздері келді.

Тағылымдамадан өту кезінде АТ-саланың болашақ мамандары дәстүрлі салаларда цифрлық технологияларды пайдалануға көшуді қолдаудың ең жақсы практикалық тәсілдері мен құралдарын қолдану туралы білді:
- корпоративтік архитектура;
- креативтік және жүйелі ойлау;
- икемді әзірлеу;
- қызметтерді оңтайландыру және трансформациялау;

Сондай-ақ студенттер архитектураны әзірлеу шеңберінде аналитикалық жұмыстарды жүргізумен айналысты.
Осы бағытта мемлекеттік орган қызметінің архитектурасын дамыту шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен нормативтік-құқықтық құжаттарды талдауды қалай жүргізу керектігін білді. Мемлекеттік органдар алдында тұрған қазіргі заманғы трендтер мен сын тегеуріндерді, архитектура модельдері мен сауалнамаларын зерделеді, сондай-ақ пікірталастар мен дөңгелек үстелдерге белсенді қатысты.
Әзірлеу және архитектура департаментінің әзірлеушілері студенттерге пысықтау және бағдарламалаумен айналысу, тілдерді және бағдарламалау технологияларын зерделеу мүмкіндігін берді.

Тағылымдаманың соңында жақсы теориялық білімдер және практикада оларды тиімді қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ Департамент жұмысына белсене қатысқаны үшін студенттерге алғыс хаттар тапсырылды.

Холдинг осы бағытта өз қызметін жалғастырады және АТ-саласының болашақ мамандарын тағылымдамадан өтуге және өз саласының кәсіби мамандарымен пысықтауға шақырады. АТ маманының уақтылы тәжірибесі мен дағдылары әрбір студентке жұмысқа орналасуға және табысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.