Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығындарды есебін тапсыру, құрастыру, ұсыну және қарастыру бойынша рәсімдер жүргізілді.

Сонымен ағымдағы жылы «Зерде» Холдингі» АҚ ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға мемлекетік органдармен ұсынылған бюджеттік өтінімдерді қарастыру бойынша сарапшы ретінде қатысты. Ол үшін «Зерде» Холдингі» АҚ-да АКТ саласындағы тәжірибелі мамандар қатарынан сараптама тобы құрылды.
Жалпы, бюджеттік өтінімдерді қарастыру рәсімі 3 кезеңге бөлінді:

1) әрбір берілген өтінімді қарастыру және егжей-тегжейлі зерделеу және оны әрі қарай жөнге келтіру бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жолдау (болған жағдайда);
2) өтінімді жөнге келтіргеннен кейін қарастыру, ұсынбалы сараптама шешімін жолдау;
3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Сараптама кеңесінің отырысына сарапшы ретінде қатысу.

Ағымдағы жылы бюджеттік өтінімдерді беру және қарастыру бойынша барлық рәсімдер бірінші рет ресми түрде «Зерде» Холдингі» АҚ-мен 2016 жылы әзірленген «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында жүргізілгендігін атап өткен жөн.
Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша «Зерде» Холдингі» АҚ сарапшыларының ұсынымдары негізінде мемлекеттік органдармен жоспарланған ақпараттандыруға арналған шығындар жалпы берілген сомадан 23% оңтайландырылды.