Маңғыстау облысында цифрлық сауаттылық бойынша болашақ жаттықтырушыларға арналған оқу курстары басталды. 10-12 мамыр аралығында «Зерде»Холдингі»АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ мамандары тұрғындарға цифрлық сауаттылықтың базалық және кәсіби дағдыларын оқытатын 360 жаттықтырушы дайындайды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекттік бағдарламасының бағыты- адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарт және коммуникациялар министрлігі «Зерде» Холдингі»АҚ-мен бірге халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша әдістемені және 4 оқу бағдарламасын әзірледі.

Еліміздегі цифрлық сауаттылық деңгейін 78,5% көрсеткішке жеткізу үшін 500 мыңға дейін адамды мобильдік дағдылар, Интернетпен жұмыс, қауіпсіздік, деректерді қорғау сияқты тағы да басқа базалық құзіреттіліктерге оқыту қажет.

Дайындық жұмыстары жергілікті атқарушы органның базасында келесі дағдылар бойынша жүргізілуде:
1. ЖАО-ның Білім басқармасы жаттықтырушыларының негізгі құзіреттерге оқытуы;
2. «ҰАТ» АҚ жаттықтырушыларының Ашық Үкіметті қолдануға, яғни ашық деректерді, бюджетті, мемлекеттік органдардың НҚА-сын және платформа блогын қолдануға оқытуы;
3. «Қазпочта» АҚ жаттықтырушыларының тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және ілгерілету дағдыларына оқытуы;
4. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ жаттықтырушыларының мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға оқытуы.

Базалық деңгейге қосымша кәсіби цифрлық сауаттылық деңгейіне жататын екі құзірет бар – олар медиа дағдылар немесе цифрлық құрылғыларды жоғары деңгейде қолдану және кәсіби қызметке қажетті кәсіби цифрлық дағдыларға жатады.

Бүгінгі күні, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша цифрлық сауаттылықтың ағымдағы деңгейі 77,1%-ды құрайды. Жаттықтырушыларды цифрлық сауаттылыққа оқыту Қазақстанның басқа облыстарында жалғастырылады.