2016 жылғы 9 ақпанда «Зерде» Холдингі негізіндегі «Ақпараттық технологиялар» № 34 стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің сарапшылары GIZ халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамының қолдауымен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК алаңында «Стандарттарды әзірлеу-халықаралық талаптар және үздік тәжірибе» тақырыбына өткізілген семинарға қатысты.

2016 жылғы 9 ақпанда «Зерде» Холдингі негізіндегі «Ақпараттық технологиялар» № 34 стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің сарапшылары GIZ халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамының қолдауымен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК алаңында «Стандарттарды әзірлеу-халықаралық талаптар және үздік тәжірибе» тақырыбына өткізілген семинарға қатысты.
 
Бұл Семинарға мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнінідегіт техникалық комитеттердің, ЖОО және т.б. өкілдері қатысты.
Семинар стандарттау саласында қатысушылардың пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік берген интерактивтік форматта өткізілді
Семинарды халықаралық сарапшы, DIN стандарттау жөніндегі неміс институтының халықаралық кеңесшілік бөлімінің жобалық үйлестірушісі Зиглинде Кайзер ханым жүргізді (Лектор). Өз сөзінде ол стандарттар әзірлеу жөнінде Германияның тәжірибесімен, соның ішінде стандарттар әзірлеуден оларды қабылдағанға дейінгі жұмыстарды жоспарлаумен бөлісті, сондай-ақ стандарттау жөніндегі ТК рөлін және атады және олардың жұмысын ұйымдастырумен таныстырды.
Семинардың қорытындылары бойынша стандарттарды әзірлеу жөнінде Германияның тәжірибесінен мына сәттерді атауға болады:
-стандарттар тек стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен әзірленеді;
- стандарттар жобаларын келіскенде төрешілдіктің болмауы, яғни стандарттар көпшілік талқылау үшін 60 күнге (DIN) стандарттау жөніндегі неміс институтының ресми сайтында орналастырылады, оның шеңберінде мүдделі тараптар сайтта түсінік түрінде өз ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады;
- стандарт жобалары ескертулер мен ұсыныстар бойынша пысықталған болып, олар бойынша техникалық комитет мүшелері консенсустарға қол жеткізілгенде ғана саналады;
- стандарттар стандарттау жөніндегі неміс институтының өзімен қабылданады.
 

 
Сонымен бірге, «КазСтИнс» РМК басшылығымен, бүгінгі күні «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, оның шеңберінде стандарттау саласындағы, және осы Заң жобасымен ұсынылатын жаңалықтар туралы халықаралық тәжірибе ескерілген.
Еске салайық, ТК 34 құрудың негізгі мақсаты ақпараттық технологиялар саласында техникалық реттеу жүйелерін құруға қатысу болып табылады, осы ТК «Зерде» Холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары құралай Елеусізова басшылық етеді.
 
 
"Зерде" Холдингінің баспасөз қызметі