2016 жылғы27 шілде күні сағат 9.00-де «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында Еуразиялық кеңістік деректерінің инфрақұрылымы бойынша конференция өтеді. Сонымен қатар, конференцияның шеңберінде Road Show Ұлттық геоақпараттық жүйе өтеді.

"2016 жылғы27 шілде күні сағат 9.00-де «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында Еуразиялық кеңістік деректерінің инфрақұрылымы бойынша конференция өтеді. Сонымен қатар, конференцияның шеңберінде Road Show Ұлттық геоақпараттық жүйе өтеді. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп конференцияның ұйымдастырушысы болды. Конференцияның жұмысына геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы жетекші сарапшылар, шетелдік және отандық ГАЖ компанияларының өкілдері, АҚШ, Канада, Швецария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корей, Ресей, Беларусь, Монғолия елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес-нарығының өкілдері қатысады. Конференцияға қатысушылар Еуразия өңірінің ұлттық кеңістік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ) және елдердің ұлттық геоақпараттық жүйесін (ЕҰГАЖ) құру тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді әзірлеуде ақпараттандырудың сервистік моделі және мемлекеттік-жекешілік әріптестік моделі жөніндегі мәселелерді талқылайды. ГАЖ саласындағы әзірлелерді жүргізетін шақырылған шетелдік және отандық компаниялар ГАЖ-технологиялар саласындағы өз өнімдері мен шешімдерін көрсетеді. Конференция бізге ең жақсы идеялар, моделдер мен шешімдерді таңдауға, жүйе құру жұмысына өте тиімді компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Іс-шараны өткізу орны: Астана қ., Есіл ауданы, Тұран даңғ., 89 («Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында). Ескертпе: Конференцияға кіру тіркелген қатысушылар үшін ғана. Туындаған мәселелер бойынша Құралай Темірғалиеваға жүгініңіз: 8 (7172) 95 46 49, эл.мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. // БАҚ өкілдерін тіркеу мәселесі бойынша Кирилл Волковқа жүгініңіз: 8 (7172) 57 08 37, эл.мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. // БАҚ өкілдерін тіркеу 2016 жылғы 26 шілде күні сағат 16.00-ге дейін өтеді.

«Зерде» холдингі» АҚ баспасөз қызметі  "