Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін цифрландыру күні

Іс-шара барысында келесі жобалар таныстырылды:
«Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі»;
«ҚР балық және балық өнімдерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі».

Іс-шара сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында ЭГТРМ цифрландыру бойынша жауапты тұлғалардың, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ және «Astana Hub» өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

Бірінші тұсаукесерді ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Демеу Сейітжанов таныстырды. Спикердің айтуынша, қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингілеу жүйесі қоршаған ортаның жай-күйін нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ эмиссиялар лимиттерін асыру бойынша экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын автоматты түрде анықтайды.

Жоспар бойынша-Қазақстанның барлық аумағы бойынша ірі ірі табиғат пайдаланушыларды қамту. Олардың саны 200-ге жуық, деп атап өтті спикер.

Екінші жоба балықтың көлеңкелі айналымын анықтауға және тоқтатуға көмектеседі. Алынған, сатып алынған, жасанды өсірілген балық немесе басқа су жануарлары туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді автоматтандыру арқылы. Екі жоба да табиғатты сақтауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен  ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда.  Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық
жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.