2020 жылғы 23 қазанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі» АҚ «БҰҰ-ның 2020 жылғы Электрондық үкімет бойынша зерттеуі аясында өңір елдеріндегі электрондық үкіметтің даму жетістіктері мен сын-тегеуріндері» атты онлайн-конференциясын ұйымдастырады.

Іс-шара 2020 жылғы 10 шілдеде ресми түрде ұсынылған БҰҰ-ның электрондық үкімет бойынша жаңа зерттеуінің жариялануына орайластырылды.

Іс-шараның мақсаты: БҰҰ-ның 2020 жылғы зерттеуінің негізгі үрдістері мен нәтижелерін қарау, ТМД өңірі елдерінде электрондық үкіметті дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, өңірлік және халықаралық әріптестікті дамыту. Сондай-ақ, іс-шарада БҰҰ-ның 2020 жылғы Электрондық үкімет бойынша зерттеуінің орыс тілді нұсқасының БҰҰ-ның ресми сайтында іске қосылуы жарияланатын болады.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусин құттықтау сөз сөйлейді. Оған ТМД елдерінің акт министрліктерінің басшылары, БҰҰ мамандары, Эстония мен Израильдің халықаралық сарапшылары қатысады.

Іс-шара БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен және Қазақстанның Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Күні: 23 қазан 2020 жыл

Уақыты: 19:00 – 21:00 (Нұр-сұлтан Қ. уақытымен)

ZOOM бағдарламасында көру үшін тіркеу сілтемесі: https://undp.zoom.us/webinar/register/WN_E5QWxsorShiiN2vFT7BcDw

ZOOM webinar ID: 854 6369 2480

YouTube тікелей эфирі: https://youtu.be/Z8VMXOw10kY

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының Facebook - тегі тікелей эфирі: https://www.facebook.com/hubastana/