17 қыркүйек күні сағат 16:00-де Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру күні онлайн-форматта цифрландыруға жауапты тұлғалардың қатысуымен өтеді.

Іс-шара барысында келесі жобалар таныстырылады:

- «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет" (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БКДҚ-112)»

- «Бірыңғай Есеп Айырысу Орталығы»

Онлайн кездесу Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің қолдауымен Astana hub және «Зерде» холдингі» АҚ бірлесіп, ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органның цифрландыру міндеттері туралы нарықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу.

Іс-шара аясында сіз өз жобаңызды қарауға жібере аласыз және сізді қызықтыратын сұрақ қоя аласыз.

Сіздердің сұрақтарыңызға Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дамир Алтынбекұлы Егізбаев жауап береді.

Жамбыл облысының әкімдігі техникалық тапсырманың талаптарына жауап беретін АТ-компаниялар мен стартаптардан ұсыныстар немесе дайын шешімдер жинауды жүргізеді.

Осыған байланысты, осындай ат-шешімдері/өнімдері немесе іске асырылған жобалары бар АТ-нарығының өкілдері сілтеме бойынша нысанды толтыруды сұраймыз: https://docs.google.com/.../1k7Y0LQjpq5c2i-wbvp7C0noWHsk.../edit

Онлайн-кездесу күні: 17 қыркүйек, сағат 16:00, 2020 жыл

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2020 жылғы 16 қыркүйек

Барлық сұрақтар бойынша email-ге хабарласыңыз a.alimgozhayeva@astanahub.kz

Онлайн-кездесуге мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://docs.google.com/.../1FAIpQLScUrFyaaKwWJbRtnb.../viewform

Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://innovate.kz/digitaldayzhambyl