Нұр-Сұлтанда Қызылорда облысын цифрландыру күні өтті.

Жиын барысында келесі жобалар таныстырылды:

«АІІБ мен ЖБО интеграциясы бар мектеп ұйымдарындағы бейнебақылау жүйесі»

«ТЖ бақылау және болжау жүйесі»

«Автотұрақтарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі»

«Ахуалдық орталықтың ақпараттық-талдау жүйесі»

Сапалы жобалар мен ұсыныстар әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің цифрландыру бойынша жауапты тұлғаларының, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ мен Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

Биыл олар бетті тану функциясы бар 70 мектепті жабдықтауды жоспарлап отыр, орта есеппен бір оқу ұйымына шамамен 14-16 бейнекамера қажет болады. Спикердің айтуынша, камералар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, баланың мектепке қашан келгенін немесе оны тастап кеткенін бақылауға, үй-жайларда бөтен адамдарды анықтауға көмектеседі. Жобаның жалпы сомасы 250 миллион теңгені құрайды.

Камералар ішке де, сыртқа да орнатылады деп болжанады. Айта кету керек, оқушылардың ата-аналары платформаға кіре алмайды, ал жазба 30 күнтізбелік күн ішінде сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда. Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.