«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің http://mic.gov.kz/ru/pages/prakticheskie-rekomendacii-dlya-ispolzovaniya-pri-regulirovanii-obshchestvennyh-otnosheniy-v сілтемесі бойынша, сондай-ақ «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ https://zerde.gov.kz/kz/activity/ict/publication/5150/ сілтемесі бойынша ресми интернет-ресурстарында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде қолдануға арналған нақты ұсынымдар (әрі қарай – Нақты ұсынымдар) орналастырылғандығын хабарлайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде қолдануға арналған нақты ұсынымдар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұранымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы 2017 жылғы 30 қараша күні күшіне ие заңнамасының негізінде дайындалған.

Нақты ұсынымдар Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын ауыстыра алмайды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құқықтық реттеу көзі болып табылмайды, дегенмен онда ақпараттану субъектісінің Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заңнамасының қиындық немесе қызығушылық туғызған ережелеріне түсініктемелер қамтылған.